Қырғызстан экс-президенті ұлының неден қайтыс болғаны анықталды

/image/2020/10/24/crop-3_-3_478x793_whatsapp-image-2020-10-24-at-09.18.50.jpeg

Қырғызстан экс-президентінің ұлы Айдар Ақаевтың неден қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы РЕН ТВ порталы хабарлады.

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың 43 жастағы ұлы Айдар Ақаев 2020 жылы 6 ақпанға қараған түні қайтыс болған. Оның денесі Мәскеу облысындағы Рублево-Успенск тас жолындағы ауылдағы үйден табылған.

Портал мәліметінше, оқиға бойынша тексеру барысында оның жүрегі алкоголь мен кокаиннен ұстап қалғаны анықталған.

Асқар Ақаев –  Қырғызстанның мемлекет және саяси қайраткері, 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғыз Республикасының президенті болған. Қазіргі уақытта ол Ресей астанасында ғылыми қызметпен айналысады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи