Алматы облысында шенеунік пара беру үстінде істі болды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол 2020 жылдың 26 қазанында оған мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге сомасында пара беру бойынша күдікке ілінді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу барысындағы мәліметтерді жария етуге болмайды" делінген хабарламада.
Оставить комментарий