«Меломен» тобының мүшесі тойын дүркіретіп өткізді (Фото)

/uploads/thumbnail/20170708193139947_small.jpg

22 тамыз күні ақ құсын қолына қондырған «Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаев  25 тамыз күні Шымкент қаласында ұлан-асыр үйлену тойын жасады. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы baistars.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тойға барлық қазақ эстрадасының жұлдыздары келді. Ғабиттың туған нағашы ағалары Сәкен мен Роман Майғазиевтер бастаған тойға келген қонақтардың ішінде Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Райым Уайыс, Мөлдір Әуелбекова, «Меломен» тобының барлық мүшелері жарларымен, «Заман» тобының әншілері, Құрмаш Мақан болды.

Тойды танымал асаба Нұрлыбек Ерғалиев басқарды, оның сөзіне сенсек, ол барлық «Меломен» тобының жігіттерінің тойын басқарыпты.

Связанные Статьи