Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті

/image/2020/10/30/crop-72_10_678x903_photo_264483.jpg

Бағдат Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті, деп хабарлады zakon-kz сайты.

– Иә, мен енді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметін атқармаймын. Мен 3 ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігіне коронавируспен ауырғаннан кейін ақ халаттылар алдындағы адамдық, азаматтық борышымды өтеу үшін келгенімді білесіздер. Осы 3 айда біз медиа-орталықтың жұмысын толық жолға қойдық, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі, апта сайынғы брифингтер өткіздік. Қазір бәрі жұмыс істеп тұр, яғни менің функциям орындалды. Енді менің өз бизнес-жобаларым бар, оларға көбірек көңіл бөлуім керек, – дейді Қожахметов.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірнеше ай жұмыс істеуге келіскен. Сондай-ақ ол қызметінен ешқандай жанжалсыз кеткенін айтты.

– Қандай дау болуы мүмкін? Олар риза, барлығы бақытты, – деді ол.

Бағдат Қожахметов денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып 30 шілдеде тағайындалған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи