Алматыдағы бренд киімдер сататын дүкен киіну бөлмелерінде тұтынушыларын жасырын камераға түсіріп келіпті. Бұл туралы «Қамшы» порталы 31 арнаға сілтеме жасай отырып хабарлайды
Дүкенге барған сатып алушылардың бірі екі ай бұрын смартфонның камерасын вентиляциялық тесіктен кездейсоқ байқап қалады.
«Жәй ғана жоғары қарап қалғанда, вентиляцияның тесігінен айфонды көріп қалдым. Мені түсіріп жатқанын түсінгенде, есеңгіреген күйге түстім. Видеоны олардың телефондарынан кейін таба алмадық. Олар оны өшіріп тастағандарын айтты”, – дейді дүкеннің тұтынушысы.
Мұндай әрекетке дүкендегі жас қызметкерлер барған. Компания киіну бөлмесінің жоғарғы қабатыында киім қоймасы орналасқанын және сол жерден қызметкерлері камерамен сығалап, видеоға түсіруге кіріскенін айтуда. Олардың сөзіне сенсек, бұл ағаттық түзетіліп, ендігі жағдай бақылауға алынған.
“Біздің дүкен қызметкерлері жастар болғасын, ағаттық жіберіп қойды. Олар қатаң жазалау алып, жұмыстан қуылды”, – дейді компанияның ритейл-директоры Марина Заиченко.
Мұндай әрекет заңға қайшы саналады және оған барғандар 4 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.
“Мұндай қадам үшін 2 жылға бас бостандығынан айыру немесе 2000 АЕК көлемінде айппұл төлеу жазасы қарастырылған”, – дейді қорғаушы Жангелді Сүлейманов.