Қазақстанда доллар бағамы өсуде. Бұл деректерді KASE Қазақстан қор биржасы жариялады.
2 қарашадағы таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,63 теңгеге қымбаттап, 434,29 теңгені құрады.
Деректерге сәйкес, Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 435,50 теңге, ал сатып алу – 433,99 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбас орындарында доллар орташа есеппен 435,47 теңгеден сатылып, 434,15 теңгеден сатып алынып жатыр.
Оставить комментарий