АҚШ-тағы президент сайлауында дауыс беру қызу жалғасуда. The Telegraph ақпараты бойынша, соңғы нәтижелер демократ үміткер Джо Байден 224 дауыс жинағанын, Дональд Трамп 212 дауысқа ие болғанын көрсеткен..
АҚШ-тың президент сайлауы ережесіне сай, қай үміткер 270 дауыс жинайды, сол үміткер жеңеді. Қазіргі дейін Джо Байден басымдылықпен алда келе жатқан болатын. Дегенмен соңғы минуттарда Трампты қолдайтын штаттар көбейіп келеді.
The Guardian ақпаратына сәйкес, қалыпты жағдай бойынша, Байден жеңуі мүмкін, десе де 2016 жылғы сияқты сенсациялық жағдай орын алуы да ғажап емес. Ол кезде президент сайлауына түскен демократтардың үміткері Хиллари Клинтон алғашында басымдықпен алда болған. Дегенмен нақты сайлау күні жеңілген.
Оставить комментарий