Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Салтанат Кордабайқызы коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін шектеу шараларын күшейтті.
"Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 27 қазандағы № 39 "Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді" делінген хабарламада.
Қаулыға сәйкес:
- 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап: контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі;
- ата-аналардың өтініші бойынша сыныптарда 15 баладан аспай, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат беріледі;
- театрлардың қызметіне рұқсат беруді (залды 50%-ға дейін толтырып, бірақ залда 100 адамнан асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне рұқсат беріледі.
Оставить комментарий