АҚШ-тағы президент сайлауы: Джо Байден жеңіске жетті

/image/2020/11/07/crop-4_4_444x692_biden700.jpg

АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауында демократ Джо Байден жеңіске жетті. 

Сейсенбідегі сайлау нәтижесін санау 5 күнге созылды. Ақыры Байден Трамптан 31 мың дауысқа алға шығып, АҚШ-тың 46-президенті атанғаны белгілі болды.

Оның жеңісін ірі БАҚ-тар мойындады, соның ішінде республикалық Fox News, CNN, NBC және AP агенттігі де бар.

BBC Байденнің Пенсильваниядағы негізгі сайлау учаскесінде жеңіске жеткенін хабарлады. Олардың ақпаратынша, Байден міндетті 270 дауыстан асып, 284 дауыс жинады.

Пенсильвания мен басқа да бірқатар штаттарда ресми түрде дауыстарды санау аяқталған жоқ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи