Алдағы күндері - 26 градусқа дейінгі аяз болатыны хабарланды

/image/2020/11/16/crop-7_16_436x774_36322419-9b33-4195-a0b5-9f719961338e.jpg

Қазгидромет Қазақстан алдағы күндері суық антициклон ықпалында болатынын хабарлады. Бұл туралы  17-19 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамында айтылды.

"Орталығы Самараның үстінде орналасқан Солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады. Кей жерлерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік бөлігінде – бұрқасын күтіледі" делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи