Мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны рас па? Вице-министр жауап берді

/image/2020/11/17/crop-151_0_369x492_57fcfa775566c6a041fe808a237850ec.jpg

Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдер жалақысы қысқармайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты.

Онлайн брифингте сұрақ қойған тілшінің айтуынша, әлеуметтік желіде мұғалімдер қашықтан оқытуға байланысты жалақысының қысқаратынын айтқан. 

– Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны рас па?Бірақ министр қысқармайтынын айтқан еді. Егер сондай жағдай болса, не істеу керек? – деп сұрақ қойды тілші.

– Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай, ешқандай жалақы қысқартуы болмайды. Әр жағдайға байланысты шешімін қарастыру керек. Егер кімде-кімнің жалақысы қысқартылса, біз бұл мәселені қарастырамыз. Істің мән-жайын анықтап, қорытынды шығарамыз, – деді вице-министр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи