Ресей президенті Владимир Путин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында "Таулы Қарабах мәселесінде Түркияға кез келген баға беруге болады, бірақ халықаралық заңды бұзды деп айыптауға болмайды" деп мәлімдеді.
– Қарабаққа түрік әскерін кіргізу – бұл арандатуға бару. Және Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған мұны түсінеді. Түркия Әзербайжанды қолдады. Бұл – Кеңес Одағы ыдырауының геосаяси салдары, – деді Путин.
Ол Түркияның Таулы Қарабақ мәселесінде Әзербайжанды қолдайтынын ешқашан жасырмағанын баса айтты.
Сөз арасында Путин "Мәскеу Анкараны Таулы Қарабаққа бітімгерлік күштерін жібермеуге көндірді" деді.
Оставить комментарий