Ұлыбританияда ерімейтін балмұздақ шығарған ағылшындар әзірлеу әдісін құпия ұстауда. Ол Стаффордшир графтығындағы Alton Towers паркінде сатылымға түсуде. Бұл туралы "Қамшы" порталы 24.kz-ке сілтеме жасай оытырып хабарлайды.
Тәттінің ерекше түрін ойлап тапқан ағылшындар оны әзірлеу әдісін құпияда ұстауда. Бірақ кейбір тілшілердің қол жеткізген мәліметіне сәйкес, балмұздақтың ванильді бөлігі арнайы түрде температуралық өңдеуден өтеді екен.
Ерімейтін балмұздақ авторы – Бас аспаз Хестон Блюменталь. Ол әлемге ерекше тағамдарымен танымал болған. Атап айтсақ, ұлудан пісірілген ботқа, балықтан жасалған желе.