Қазақстандағы гүл салондары «Білім күніне» қарсы сатып алушылардың үлкен ағымына дайындалуда. Бұл туралы "Қамшы" порталы Today.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астанада Білім күні қарсаңында ең өтімді гүлдер бақытгүлі (хризантема) мен гладиолустар. Бір гүл шоғырының орташа құны 2 000-2 500 теңге.
"Ата-аналар мен оның балалары гүлдерді 1- қыркүйек қарсаңында ала бастайды. Негізінен хризонтемалар алады. Өйткені, олар өзге гүлдерге қарағанда ұзақ сақталады. Ал, гладиолустар-Білім күнінің дәстүрлі гүлдері ", - дейді гүл салонының сатушысы Мира.
Алматыда сатушылардың айтуынша ең өтімді тауар – ақгүл (лилиялар) мен бақытгүлі (хризантемалар). 1 500 теңгеге үш гүлден бір шоғыр жасауға болады. Теңге бағамына байланысты Алматының гүл салондарында баға көтерілген.
"Гүл бағасы өсті. Біз оларды Голандиядан, Колумбиядан, Эквадордан аламыз, ал ол жақта сауда- доллармен. Бір раушанның құны -көтерме саудада 500 теңге, біз оған 200-300 теңге қосамыз. Сонымен қымбатырақ болады. Оның үстіне, рәсімдеу қызметі тағы бар. Кейінгі кезде сатып алушылар жергілікті раушандарды жақсы алады, олар кішірек бір данасы 250 теңге тұрады", - дейді гүлсатушы Юлия.
Гүл бағасы Шымкентте де өскен. Сатушылардың айтуынша, ең танымал гүл қатарындағы хризантеманың бюджеттік құны 500 теңге болса- Білім күні олар 700-800 теңгеге өседі.
Павлодарда да жаңа баға бойынша гүлдердің алғашқы легі келді. Гүл сатушылардың сөзінше, жаңа тауар 30 пайызға өскен. Орташа, бір гүл шоғырының құны 1500-ден 2 500 теңгеге дейін.
Қарағандылықтар болса, гүл бағасы сол күйде қалатынын айтады. Сатып алушылар жақсы гүл шоғырын 1 500-2 000 мыңға ала алады. Қарағандылықтар жиі алатын гүлдер бақыт гүлі ( хризантема ) мен гладиолустар.
Оставить комментарий