Қытай парламентінің спикері: Назарбаев Қытайда жоғары беделге ие

/image/2020/11/26/crop-19_10_707x1142_755530148218230-1.jpeg

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық деңгейдегі беделі туралы сөз қозғады, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

– Тұңғыш президент Назарбаев – халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер болумен қатар, қытай халқының тілеулес досы ретінде ұзақ уақыттан бері қытайлық-қазақстандық тату көршілік және достық ынтымақтастықты нығайтып, Қытайда жоғары беделге ие болып келеді, – деді Қытай парламентінің cпикері.

Ли Чжаньшу қос ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, оның екі ел халқына да тиімді екеніне тоқталды. Сонымен қатар, тұрақты комитеттің төрағасы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты дамыту мақсатында ҚР парламенті мәжілісімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді.



Оставить комментарий

Связанные Статьи