"Бұл ауру ешқашан кетпейді". Назарбаев туралы фильм жарық көреді

/image/2020/11/27/crop--1_0_230x408_a145b7f2-24c1-46b7-820b-59faaa07c817_w408_r1_s.jpg

"Хабар" телеарнасында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі мен елбасы қорының қолдауымен жасалған "Портретке штрихтар" деректі фильмі жарық көреді. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

– 1 желтоқсан күні сағат 21:40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде журналист Айгүл Әділованың елбасы баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен "Портретке штрихтар" деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді, – деп жазды Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы, оның көпшілік біле бермейтін қырын ашып көрсетеді.

– Құдай мұндай ауруды ешкімнің басына салмасын. Бұл ауру ешқашан кетпейді. Ауырғаннан кейін мен сонда арнайы бардым. Өмірімде бәрі де басқаша болуы мүмкін еді, – дейді Назарбаев фильм үзіндісінде.

Фильм эксклюзив сұхбат түрінде жасалған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи