Қандай мемлекеттің болашағына сенуге болады?Азаматтары өз құқығының тапталмайтынына, таптала қалса, заңға жүгіне алатын мемлекеттің болашағы жарқын. Ал бізде қалай? Бізде заңның бел омыртқасын керзі етікпен тепкілеп, әділдікті қан қақсатып кете беруге болады. Жемқорлық жойылмай, азаматтардың құқы толыққанды қорғалатынына сіз нанасыз ба? Бірақ сонда да мен балаларымды біздің елдің болашағына сенуге тәрбиелеп келе жатырмын. Әділеті аздау елдің ұрпағын «әділетті бол» деп тәрбиелеу сәл қиындау. Бірақ бұл біздің Отанымыз ғой. Ал Отанның болашағына күмәнмен қарауға болмайды. Билік ауысады. Ал Отан орнында қала береді. Жемқоры көп, заңдары солқылдақ болса да мен Отанымның болашағына сенемін.
Айнұр Төлеу
Оставить комментарий