Кеше Қытайдың шығысында Шаньдун провинциясындағы химиялық зауытта ірі жарылыс болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қытайлық "Жэньминь жибао" басылымының Twitter парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, оқиға жергілікті уақыт бойынша 31 тамызда сағат 23.25-те болған. Жарылыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы нақты мәліметтер жоқ.
Еске сала кетейік,осының алдында, 12 тамызда Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы Ruihai Logistics логистикалық компаниясының қауіпті заттар сақталатын қоймасында да ірі жарылыс болған еді. Қытайдың сейсмикалық агенттігі бірінші жарылыстың тротил эквивалентінде үш тонналық күшке ие болғанын, ал екіншісі 21 тонна болғанын хабарлады.
Оставить комментарий