Н.Назарбаевтың Қытайға сапары барысында 11 құжатқа қол қойылған

/uploads/thumbnail/20170708193259962_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР ресми іс-сапары барысында мемлекеттік маңызы бар 11 құжатқа қол қойылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы total.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Бейжіңдегі кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлы қатынас  мәселелермен қатар, қаржы және несие, инвестиция тарту және екіжақты қатынастар талқыланған. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлайған.

Қазақстан Президенті өз кезегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мырзаға жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарға 20 жылдан асса да, ол қарқынды дамуда екенін айтқан. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев төраға мырзаны және Қытай халқын  жапон миллитаристерімен болған соғысытағы жеңісінің 70 жылдығымен және қысқы «Олимпиада 2022» ойындарын өткізу құқығын ұтып алуымен құттықтады.

«Бүгін біз Қазақстан Президенті екеуіміз екіжақты келісілген жаңа деклорацияны қабылдаймыз. Бұл құжат біздің көп жылдардан бергі достығымызды нығайтып, біздің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың болашағына кепіл болады»,-деді Си Цзиньпин мырза. Өз кезегінде Қытай төрағасы да, Қазақстанның Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтап, ЭКСПО-2017 аясында көтеріліп отырған «жасыл технология» мәселелерінде де бірлесіп жұмыстар атқаруға келіскен. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екіжақты қатынастырды одан әрі арттыру үшін атом энергетикасы саласында да бірлесуге ұйғарым жасаған. Тіпті, президенттер  Қазақстан аумағында төмен байытылған уран банкін де ашуды жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға ресми іс-сапары барысында төмендегідей құжаттарға қол қойылған:

-ҚХР және ҚР мемлекет басшыларының екі жақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне бағытталған бірлескен декларация;

-ҚХР және ҚР тараптарымен ратификацияланған келісім (2011 жылы 22 ақпандағы сотталған азаматтарға қатысты);

-ҚР және ҚХР Үкімет басшыларының индустриализация және инвестиция мәселесендегі келісімдер;

- Kazakhstan Infrastructure Fund құрылысында АҚ «НУХ «Байтерек» және қытайлық «СИТИК Групп» компаниясының бірлесіп жұмыс атқару туралы құжат;

- «Масальский тау-кен комбинаты» мен Қытайдың экспорт-импорт банкі арасындағы келісімдер;

-«Eurasian Resources Group» корпорациясы мен Қытайдың даму банкі арасындағы келісімдер;

-АҚ «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі мен  қытайлық «Жібек жолы» фондының арасындағы меморондум;

- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ мен Қытай халықаралық туризм орталығының арасындағы меморондумдар;

ҚР және ҚХР Үкіметтерінің арасындағы мәдени-гуманитарлы шараларды өткізудегі келісімдер;

- Астана LRT АҚ мен Қытайдың даму банкінің арасындағы келісімдер;

- Astana LRT ЖШС мен ҚХР концорциум компаниясының арасындағы ЕРС келісімдер.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

Оставить комментарий

Связанные Статьи