Нигерияда 110 фермер террористер қолынан қаза тапты

/image/2020/11/29/crop-0_8_436x774__115689416_0ee2faf1-25ab-43b0-9af8-b9fdc45bb7c4.jpg

28 қарашада Нигерияның солтүстік-шығысында "Боко харам" тобының исламистері кем дегенде 110 фермерді өлтіргені айтылды. Бұл туралы жексенбіде France-Presse агенттігі БҰҰ мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

"Қарулы адамдар күндіз мотоциклмен келіп, кем дегенде 110 адамды өлтірді" делінген БҰҰ-ның Нигериядағы гуманитарлық көмек үйлестірушісі Эдвард Каллон таратқан хабарламада. Оның айтуынша, жаралылар көп.

Бұған дейін Агенттік Борно штатының губернаторы Бабаганан Омар Зулумға сілтеме жасап, 70 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған. Кейінірек сол күріш алқабында 43 адамның көз жұмғаны туралы мәліметтер пайда болды. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи