Бүгін Астана уақыты бойынша сағат түнгі 00:26 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 285 шақырымда магнитудасы- 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, он километрге дейінгі тереңдікте болған.
Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Дереккөзі: Азаттық
Оставить комментарий