Алматы әкімі Н.Сац атындағы театр ұжымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

/image/2020/12/07/crop-39_13_661x882_1604918957_news_b.jpeg

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Құрылғанына 75 жыл толған Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымын мерейтойымен құттықтаймын. Театр алдындағы жаңартылған алаң, субұрқақ ансамблі — қала тұрғындарының театрға жасаған сыйы. Шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!» – деді мегаполис басшысы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи