Ақтауда Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

/uploads/thumbnail/20170708193338866_small.jpg

Бүгін  Ақтау қаласында химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов, саясат және қоғам өкілдері, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ашылуы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «20 Зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асқан болатын. Ең алғаш физика-математика бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебі 2009 жылы Астана қаласында ашылды. Бүгінде республика бойынша 19 зияткерлік мектеп жұмыс істейді.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 720 орынға арналған. Ғимаратта жаңа оқу құралдарымен жабдықталған 54 оқу кабинеті, 24 лаборатория орналасқан. Мектепте химия-биология, физика-математика, интеграция, техникалық модельдеу кабинеттері, нано-биотехнолгогия, роботехника лабораториясы мен ақпараттық бөлме жұмыс істейді.

Сонымен қатар, мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілетін арттыруға арналған. Ұстаздардың оқу процессін жүйелерімен, мультимедиялық кабинеттермен, заманауи компьютерлік техникамен, интерактивті электронды тақталармен, жылдам интернет жүйесі және инновациялық бағдарлама құралдарымен қамтылған.

 Зияткерлік мектепте үш залдан тұратын кітапхана жұмыс жасайды. Алғашқы оқу жылында оқушылар мен ұстаздарға 6-7 мың кітап қолжетімді болса, келесі жылы кітапханадағы кітап қоры 20 мың данаға дейін толығады деп күтілуде. Кітапханада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен басқа қытай, франсуз, неміс тіліндегі кітаптар бар.

Аталған мектеп екі спорт залынан тұратын спорттық-сауықтыру блогы бар. Оқу ғимараты жанында футбол, воллейбол, әртүрлі жеңіл атлетикамен айналасуға арналған алаңдар, теннис корты  мен балалар демалысы үшін арнайы бөлінген орны бар жаңа спорт кешені орналасқан.

Қазіргі таңда аталған мектепке 477 оқушы Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің «Өркен» білім грантының иегері атанып, оларға іріктеу кезеңдерінен өткен 80-нен астам мұғалім сабақ беретін болады. 

Дереккөзі: Ақтау қаласы әкімінің ресми сайты

Связанные Статьи