Мәжіліс депутаттары жүргізуші куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерге қатысты әкімшілік іс қозғамау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлады Hola news.
Жаңа ереже тек Қазақстан азаматтарына арналған. Шетелдіктер жүргізуші куәлігімен жүруге міндетті.
– Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында тексеріс барысында жүргізуші куәлігі, Қазақстан Республикасында берілген көліктің тіркеу құжаты болмаған жағдайда оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы заң жобасы мемлекет басшысының қарауына жіберілді. Аталмыш құжаттар ішкі істер органдарының ақпарат базасында сақталады. Қажет болса полиция қызметкерлері ақпарат базасы арқылы тексере алады, – деді мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.
Оставить комментарий