Бас санитар дәрігер "қызыл" аймақта тұрған өңірлерді айтты

/image/2020/12/09/crop-33_31_1777x2370_091848656500.jpg

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов елдегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді. 

– Қазақстан бүгінгі күні "жасыл" аймақта. Қазіргі уақытта COVID-19 таралуы бойынша төменгі тәуекел аймағында тұр. 9 желтоқсанға сәйкес COVID-19 оң нәтижелі 138 382 науқас және КВИ-пневмониясымен 43 339 жағдай тіркелді. Қызыл аймақта 2 аумақ: олар Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары, – деді ол.

Бас санитар дәрігердің айтуынша соңғы 2 апта ішінде коронавирус инфекциясымен ауыратындар 10% (11 бастап 24 қарашаға дейін – 9 410 жағдай, 25 қарашадан бастап 8 желтоқсанға дейін – 10 802) жоғарылап отыр.

– Тәуекелі жоғары өңірлерде күшейтілген шаралар сақталды. Сырқаттанушылықтың өсуі жоқ өңірлерде біртіндеп карантиндік шараларды жеңілдету енгізілуде. Мысалы, бірқатар өңірлерде ашық азық-түлік базарларының қызметіне рұқсат етілген, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді. Осы ретте, барлық аумақтарда кез-келген ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынған, – деп атап айтты ол.

Ерлан Қиясов қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері және жаңа жылдық мерекелердің жақындағанын ескере отырып, коронавирустық инфекцияның алдын-алу шараларын сақтауға шақырды.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи