Қытай вакцинасы туралы не білеміз?

/image/2020/12/09/crop-48_4_571x761_12560236-3x2-xlarge.jpg

Әлем ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасауды жалғастыруда. Оның ішінде Қытай ғалымдары да бар. Қытай синовак вакцинасын жасап, оны сынақтан өткізуде, деп жазады BBC.

Бейжің вакцинасы Индонезияға жеткізілді. Қаңтарға дейін тағы 1,8 миллионы жеткізіледі деп жоспарлануда. Алайда вакцина тестілеудің соңғы сатысында.

Қытай вакцинасының басқа вакциналардан айырмашылығы

Коронавирус вакцинасы иммундық жүйеге зақым келтірмейтіндей өлі вирус бөлшектері ағзаға енгізілу арқылы жұмыс істейді.

Синовак вакцинасының бір артықшылығы оны тоңазытқышта 2-8 градуста сақтауға болады. Көп вакциналар -20C сақталуы керек, ал Pfizer вакцинасын -70С температурада ғана сақтауға болады. Синовак пен оксфорд вакцинасы дамушы елдер үшін ыңғайлы. Миллиондаған вакцинаны төмен температурада сақтайтын арнайы тоңазытқышқа шығынданудың қажеті жоқ.  

Вакцина тиімді ме?

The Lancet журналының мәліметіне сәйкес, әзірше коронавирус вакцинасының алғашқы және екінші сатысындағы сынақ нәтижесі ғана таныстырылды. Құжат авторларының бірі Жу Фенгсай (Zhu Fengcai) бірінші кезеңде 144 адам, екінші кезеңде 600 адам қатысқан тексеру нәтижесінде вакцинаны төтенше жағдай кезінде қолдануға болатыны анықталған.

Қыркүйекте Синовак вакцинасы мыңнан астам еріктіге салынған. Оның 5%-ы жайсыздық сезінген. Бразилияда қазанда өлім жағдайы тіркелгендіктен вакциналау тоқтатылды. Алайда тексеріс барысында еріктінің өліміне вакцинаның қатысы жоқ екені анықталды.  

Жылына қанша вакцина жасап шығарады?

Синовак компаниясы жылына 300 миллион вакцина жасайды. Басқа вакциналар секілді синовак вакцинасы екі рет салынуы қажет. Әзірше вакцина жылына 150 миллион адамға салуға жетеді. Бұл Қытай халқының оннан бір бөлігі. Десе де аталмыш вакцина Индонезия, Түркия, Бразилия мен Чилиге жеткізілді.

Сарапшылар Қытайдың вакцинаға қатысты дипломатиялық жарыста жеңуі үшін барын салып жатқанын айтады. Қытай вакцинасының бағасы әзірше белгісіз. Биыл екі вакцинаны 200 юанға бағалау туралы ұсыныс айтылған. Индонезияда 200 000 рупийге сатылуы мүмкін. Бұл – оксфорд вакцинасынан қымбатырақ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи