Желіде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарлама үкіметтен облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.