Трампты қолдап шеруге шыққандар қамауға алынды

/image/2020/12/14/crop-22_3_772x1160_8404a59c-3d83-11eb-be63-b2d34bb06b66_image_hires_044747.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтаушылары демалыс күндері Вашингтонда Трампқа қарсы демонстранттармен қақтысып қалды. Қақтығыстан бірнеше полиция қызметкері жарақаттанып, ондаған адам қамауға алынды. 

Полиция 20-дан астам адам "шабуыл жасады", "қарсыласты", "дүрбелең тудырды" деген сияқты әртүрлі құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алынғанын хабарлады.

Соңы зорлық-зомбылыққа жалғасқан шеру сенбіде басталған. Полицияның хабарлауынша, қаладағы төбелестен кейін төрт ер адам пышақталған. 29 жастағы вашингтондық Филлип Джонсон "қауіпті қарумен шабуыл жасады" деген айыппен қамауға алынды.

"Демонстрациялар кезінде сегіз полиция қызметкері жарақат алды" деп хабарлады шенеуніктер.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи