Арыс қаласында «Мектепке жол» акциясы өтті

/uploads/thumbnail/20170708193358148_small.jpg

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу.

Осы мақсатта қаламыздағы Мәдениет үйінде қала әкімдігінің бастамасымен «Мектепке жол» «Балаларға бірге көмек берейік!» атты акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Аталған акция шаһар басшысы С.Ертайдың құттықтау сөзімен басталып, концерттік бағдарламаларға ұласты. Акция барысында балаларға қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді. Атап айтқанда акцияға қала басшысының бастамасымен қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау, теміржол және мемлекеттік мекемелердің басшылары, қаламыздағы бас имам мен жеке кәсіпкерлер қатысып, атсалысты.

Жыл сайын демеушілік көрсетіп жүрген, жаны жомарт азаматымыз Қазақстан Халықтар Достығы университетінің Президенті Ә.Қуатбеков  10 балаға қажетті киімдер мен оқу құрал жабдықтарын табыстады.

Биылғы жылғы акцияның ерекшелігі қаламыздағы «Торабтық аурухана» ұжымының демеушілері қайырымдылық көрсеткен балаға жыл бойына мекеме арқылы сауықтыру кешенінде тегін емделіп, демалуына және жеке кәсіпкер Ж.Сәрсенбеков өзі қайырымдылық көрсеткен баланың отбасына жыл көлемінде азық-түлікпен және отын-сумен қамтамасыз ететіндіктерін растайтын сертификат табыстады.

Акция барысында демеушілер есебінен 150 балаға 3,0 млн. теңгенің көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Қала басшысы С.Ертай демеушілерді қала әкімдігінің атынан ризашылығын білдіріп, «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Бұл шара әлі жалғасын табатын болады.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз хатшысы

Связанные Статьи