Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта шәкіртақы университет арқылы емес студенттерге тікелей төленетінін айтты.
– Шәкіртақы төлеу жүйесін өзгерту туралы нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Біз қазір біраз нормативтік-құқықтық актілерді қабылдағаннан кейін, келесі жылдың басында шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз. Сонда университеттер арқылы шәкіртақы төленбей, әр студентке шәкіртақы тікелей төленетін жүйеге көшуіміз қажет. Ол бойынша тиісті шаралар қабылдануда, – деді ол.
Аймағамбетов: Жемқорлықты жоймаған университеттер лицензиясынан айырылады
Оставить комментарий