Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" кірді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймаққа Атырау облысының кіргені анықталды.
Айта кету керек, бұған дейін "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы болған.
Ал Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймаққа енді.
Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.
Соңғы деректер сүйенсек, елде коронавирус індетінің 143 735 жағдайы анықталды.
Оставить комментарий