Коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды

/image/2020/12/20/crop-4_13_436x774_201108094815439e.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша соңғы деректі жариялады.

Министрлік мәліметінше, соңғы тәулікте 652 адамнан коронавирус анықталған. 6 адам қайтыс болған. 25 адамға пневмония жұққаны белгілі болып, 4 науқас індеттен көз жұмған.

"Бүгінде 25 350 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 482 пациент стационарда, 20 868 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Олардың арасында 259 адамның жағдайы ауыр, 38 пациенттің жағдайы өте ауыр, 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр" делінген министрлік мәлімдемесінде.

Қазақстанда COVID-19 тіркелген алғашқы күннен бүгінге дейін 146 584 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде 2186 адам қайтыс болған. 1 тамыздан бастап жүргізілген пневмония статистикасына сәйкес, осы күнге дейін 44 385 адамнан пневмония анықталып, 474 адам көз жұмған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи