Премьер-министр Асқар Мамин "Спутник V" вакцинасы бірінші кезекте кімдерге салынатынын айтты. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.
Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді.
– Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады, – деді Мамин.
Оның айтуынша Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады.
Оставить комментарий