Мамандар коронавируспен ауырғаннан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіруге болатынын айтты.
Ресейлік дәрігер Ольга Змановская ағзаны қалыпқа келтірудің бірнеше жолын атады.
Дәрігердің айтуынша, өкпені қалыпқа келтіруге күш салу қажет. Ол үшін спорттың жеңіл түрімен айналысып, тыныс алу жолдарына арналған жаттығу жасау қажет.
Ағзаны қалыпқа келтірудің тағы бір жолы – дұрыс тамақтану. Тұтынатын аста ақуыз бен С дәрумені көп болуы керек. Антибиотиктің салдарын жұмсарту үшін айран, майлы айран, қоспасы жоқ табиғи йогурт, пробиотик пен лактулозаны рационға қосу керек. Тәтті, тұзды және ащы тағамдардан бас тарту керек. Жүрек қағысы жиілесе кофе мен қызыл шайдан бас тарту керек.
Күнделікті бір сағат таза ауада жүру керек екенін де атап өтті. Дәрігер кей адамдар антибиотикті көп қолданғандықтан жағдайын ушықтыратынын айтады.
Оставить комментарий