Арал ауданында педагогтар үлесі 85 пайызға артады

/image/2020/12/22/crop-29_130_697x1239_5b3e33aa-73b8-4433-86a6-a0e2b777edd3.jpg

Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Шүренов Арал ауданында білім саласының қызметкерлерімен өткен кездесу барысында айтты.


Арал қаласының мәдениет үйінде болған бұл басқосуға аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қанағат Махамбетова да қатысып, ойларын ортаға салды. Әрі партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, білім саласындағы актуалды мәселелердің түйінін тарқатты.


Ашық әңгіме алаңында сөз алған білім саласының қызметкері, №220 орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Айнұр Сералиева «Мектептердегі кадр жетіспеушілігін реттеп, олардың сапасын арттыру үшін жағдай жасасаңыздар екен. Сонымен қатар, арнайы пәндік кабинетерді қажетті құрал-жабыдықтармен қаматамасыз етіп, мұғалімдердің біліктілігін арттырып отыратын тың жобалар жасалса нұр үстіне нұр болар еді» деді.


Осылайша, әрбір қатысушының ой-пікірін таңдаған үміткерлер, партияның алдағы жылдарға арналған тың жоспарларын таныстырды. Мәселен, 2022 жылы Арал қаласында 200 орындық және 100 орындық интернатымен № 71 мектептің құрылысы, 2021 жылы Сексеуіл кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүріп, осы жылдар аралығында 6 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізетінінен хабардар етті. Сонымен қоса, Шижага елді мекенінде спорт залы мен орта мектебіне 100 орындық қосымша құрылыс салынып, инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 23-тен 49%-ға, жоғарғы және орта білім беру ұйымдарына түскен мектеп бітіруші түлектердің үлесін 99% жеткізу жоспарланғандығын жеткізді.


– Келешек елдің тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың сапалы білімге қол жеткізуі, ауданның да, елдің де әрі қарай дамуының алғышарты болып табылады. «Nur Otan» партиясы сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 2021-2025 ж.ж. аралығында аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, орта мектептерді кезең-кезеңімен жаңа модификацияланған пәндік кабинеттермен жабдықталуына, педагог қызметкерлердің біліктілік санатының жаңа форматына сәйкес алдағы бес жылда «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» санаттары бойынша педагогтар құрамының үлесін 52 пайыздан 85 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр, – деді үміткер Талғат Жеңісұлы сөз соңында.


Салмақты сауалға, тұшымды жауап алған білім саласының өкілдері алдағы болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін айтты.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Связанные Статьи