Мақсат Толықбай: Халықты әуелі кедейшіліктен құтқару керек

/image/2020/12/22/crop-20_31_618x1099_3sh3.jpg

Ұлттық қордан 1 тиын бөлмей, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қаражат табуға болады. Бұл туралы ADAL партиясының мүшесі, журналист Мақсат Толықбай "Qazaqstan" телеарнасында өтіп жатқан теледебатта айтты.

Журналист бюджет қызметкерлері жалақысын кемінде 200 мың теңгеге дейін көтеру, шәкіртақы мөлшерін арттыру, төменгі жалақыны 42500 теңгеден 60 мың теңгеге көтеру керектігін атап өтті.

Сондай-ақ ол ADAL партиясы кәсіпкерлер үшін жылына 6 пайызбен кепілсіз несие ұсыну қажеттігіне назар аударды.

– Жастардың басты проблемаларының бірі –  баспана. Осы ретте ипотекаға алған баспананың өзін кепілге қоюды жүзеге асыруды ұсынамыз. Өйткені жастарда кепілге қоярлықтай мүлік жоқ. Сонымен қатар алғашқы жарнаға тұрғын үй сертификаттарын беруді 3 қаладан басқа қалаларда да жүргізу керек. Партияның тағы бір ұсынысы –  азаматтарды бала тууыға ынталандыру. 1 бала таптың ба ипотекадан 2 пайызды қысқарт, 2 балаға 4 пайызға қысқарт. Соңында үйдің алған бағасын ғана төлесін. Мұның бәріне ұлттық қордан 1 тиын жаратпай-ақ қаржы табуға болады. Ол үшін мемлекеттік сатып алу шығындарынан үнемдесе жеткілікті. Шенеуніктеріміз бір жолға Камри көлігін емес, Королла мінсін, кабинетіне қымбат кілем емес, арзанырағын ілсін. Болады ғой. Халықты әуелі кедейшіліктен құтқару керек, –  деді ол.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи