Джо Байден Трамптың әкімшілігі ұлттық қауіпсіздік туралы маңызды ақпараттарды бермей отырғанын айтты. Сайланған президент Трампты қауіпсіздіктің бұзылуына байланысты айыптап, бұл жағдайды "дұшпандар пайдалануы мүмкін!" деп мәлімдеді.
Джо Байден АҚШ-тың қорғаныс министрлігін де айыптады. Оның айтуынша биліктің ауысуы үшін Байден командасына қажетті ақпарат берілмеген және оның командасы "саяси басшылықтың кедергісіне" тап болған.
Байден Дональд Трамптың кезінде АҚШ қауіпсіздігіне "орасан зор зиян келтірілді" деп мәлімдеді.
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті қызметіне 20 қаңтарда кіріседі, бірақ Трамп жеңілісін мойындаудан бас тартты.
Оставить комментарий