АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджия штатының жоғары лауазымды тұлғасына сайлау нәтижесін бұзу үшін жеткілікті дауыс "табу" керектігін айтқан.
Washington Post жариялаған аудиожазбаға сәйкес, Трамп "маған тек 11 780 дауыс керек" деп штаттық хатшы Брэд Раффенспергерге қысым жасаған. Аудиожазбада Рафенспергердің "Джорджияның нәтижелері дұрыс" деген жауабы естіледі.
АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде Джо Байден Джорджия штатында да басым түскен.
Дегенмен, Трамп ешқандай дәлел келтірмей, сайлауда кең ауқымды алаяқтық жасалғанын бірнеше рет мәлімдеді.
Оставить комментарий