"Жарылыс жекпе-жек болады". Головкиннің мексикалық боксшымен жекпе-жегі қашан өтеді?

/image/2021/01/05/crop-227_1_447x596_9636cf01b9b116b4234a566f9bcfaeed5d99ca217af64190949647.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын растады. Бұған дейін ол боксшылар арасында келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, жекпе-жектің күні 5 мамырға белгіленіп отыр.

– Головкин-Мунгия жекпе-жегі үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бәріне қызықты жекпе-жек. "Синко де Майо". Бұл жарылыс жекпе-жек болады, – деді Де Ла Хойя.

Еске салсақ, Головкин желтоқсан айында Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғап қалған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи