Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Семей және Өскемен қалаларын басқарған Амангелді Қажыбаевтың дүниеден өткенін хабарлады.
"Өскемен қаласының құрметті азаматы Қажыбаев Амангелді Қажыбайұлының өмірден озуына байланысты отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Амангелді Қажыбаев – Тарбағатай ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.
Кезінде Өскемен және Семей қалаларын басқарған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды" деп жазды қала басшысы желідегі парақшасында.
Оставить комментарий