Конгрессмендер Трампқа бүгін импичмент жариялап, қызметінен кетіретінін айтты

/image/2021/01/08/crop-12_7_562x841_12177776-3x2-xlarge.jpg

АҚШ конгрессіндегі жоғарғы демократтар спикер Пелоси мен сенаттың демократтар лидері Чак Шумер "бүлік шығарғаны үшін"  Трампты отставкаға жіберуге шақырды.

Палата спикері Нэнси Пелоси президентке импичмент жариялау процесін бастауға уәде берді.

Сонымен қатар президентті қызметке жарамсыз деп тану үшін Конституцияға 25-ші түзету енгізуді ұсынды.

"Президенттің қауіпті және арандатушылық әрекеттері оны дереу қызметінен кетіруді қажет етеді" делінген бірлескен мәлімдемеде.

Бейсенбіде Миннесота штатының 5-ші конгресс аймағындағы өкілі Илхан Омар бүгін президент Трампқа импичмент жарияланатынын мәлімдеді.

Омар "Біз импичмент жариялаймыз! Мүмкін, ертең" деп жазды Твиттерде бейсенбі күні.

Импичмент – конгресс белгілі бір лауазымды тұлғаны, оның ішінде президентті сотқа тартуы.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи