Конгрессмендер Трамптың ядролық зымырандарды қолдану ықтималдығынан алаңдайды

/image/2021/01/09/crop-4_6_160x280_images-1.jpeg

АҚШ палата спикері Нэнси Пелоси Трампқа қарсы импичмент басталған кезде президентті  ядролық ұшыру кодтарынан аулақ ұстауға шақырды.

Reuters ақпаратына сәйкес, АҚШ Конгрессінің жетекші демократы Пелоси Трамптың президенттік мерзімінің соңғы күндерінде ядролық ұшыру кодтарына қол жеткізуіне жол бермеу үшін сақтық шаралары туралы елдің бас генералы  Марк Миллимен сөйлескен.

Спикер елдің жоғарғы әскери офицерінен Трамптың ядролық шабуылға бұйрық беруіне немесе басқа әскери ұрыс қимылдарына қалай жол бермеуге болатыны туралы сұраған. 

Ал, Forbes басылымы  Дональд Трамп Американың ядролық зымырандарын әлі де жалғыз өзі бақылауда ұстайтынын жазады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи