Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы толығырақ тарқатып айтты.
– Енді студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бұл колледж түлектерінің жұмысқа айтарлықтай тәжірибемен орналасу мүмкіндігін арттырады. Бекітілген заңнамаға сәйкес уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды. Енді оқу ұзақтығы нақты білім беру бағдарламасына және қажетті оқу нәтижелеріне байланысты болады, – деді ол.
Оставить комментарий