Алматыда ер адам жалға алған пәтерінің иесін зорлап кеткен

/uploads/thumbnail/20170708193501433_small.jpg

Жақында Алматы қаласында  ер адам жалға алған пәтерінің иесін зорлап кеткен. Бұл туралы «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
3 тамыз күні  таңға жуық Алматы полициясына алматылық азаматша хабарласып, өзін белгісіз біреулердің зорлап кеткенін айтқан.  Әйелдің айтуынша, ол тәулік және белгілі бір сағатқа пәтерін жалға берумен айналысады екен. Оған қорлық көрсеткен азамат та пәтерін сондай жалға алушылардың бірі көрінеді.

Анықталғандай, қылмыстық әрекет сол жалдамалы пәтердің  ішінде болған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеруге келген кезде пәтердің есігі ішінен құлыптаулы болған. 

Полиция қызметкерлерінің бірі 7-қабатта орналасқан әлгі пәтердің ішіне сым арқылы 8-қабаттан түсіп, есікті ашады. Сол уақытта жәбірленушінің нұсқаған күдіктісі ұйықтап жатқан екен. Қазіргі таңда ұсталған ер адам аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.
 

Связанные Статьи