Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы кітапханасының директорын қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды" делінген хабарламада.
Ол "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне 2019 жылы тағайындалған.
Айта кетейік, Әмірхан Рахымжанов 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Nur Otan партиясының атынан мәжіліс депутаты атарнған.
Оставить комментарий