Депутат Дариға Назарбаева мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетіне мүше болып кірді. Бұл туралы Нұрлан Нығматулин жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында мәлімдеді.
Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің атынан сайланған төраға Альберт Рау өз комитетіне кірген депутаттардың тізімін жариялады:
Олар: Самат Ақышев, Ғалым Әміреев, Жамбыл Ахметбеков, Сырым Ертаев, Ғазиз Құлахметов, Самат Мұсабаев, Дариға Назарбаева, Ерлік Әмірғали, Азат Перуашев, Әмірхан Рахымжанов, Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Әбілфас Хамедов, Альберт Рау.
Оставить комментарий