Цой: Наурыз айының соңында коронавирус өршуі мүмкін

/image/2021/01/19/crop-6_13_403x774_5e4c1ef78e9abfb9c95fddcc6e809cb7_original.36485.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфециясына байланысты эпидемиологиялық ахуалдың болжамын айтты.

– Осы жылғы наурыз айының соңында коронавирус өршуі мүмкін. Оптимистік сценарийге сәйкес, тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеледі деп күтілуде. 24 мыңға дейін төсек орны толуы мүмкін. Дегенмен, бұл сценарий бойынша қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланбаған. Нақты және пессимистік сценарийлерге сай, күніне 6 мың мен 9 мыңға дейін жұқтыру деректері тіркелуі ықтимал. Шамамен 45 мың төсек орны толуы мүмкін. Бұл – денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін қатаң карантин шараларын енгізу қажеттігіне соқтырады, – деді Цой.

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи