Мамин президентке коронавирус вакциналары туралы баяндады

/image/2021/01/19/crop-5_9_443x591_2020_10_13_crop-7_38_926x1234_mycollages-62.jpg

Үкімет басшысы Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавиурсқа қарсы вакциналар жөнінде мәлімет берді.

– Қазіргі уақытта отандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың ІІІ сатысынан өткізіліп жатыр. Оның алдын ала тиімділігі 96 пайызды құрайды. "Спутник V" вакцинасының сапасы аттестациядан өткізілуде. Сондай-ақ GMP стандарты бойынша вакцина шығаратын биофарм зауытының құрылысы жүргізілуде, – деді Мамин.

Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.

Сонымен қатар үкімет басшысы президентке Үкіметтің 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты. Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралмақ.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев биыл кімдердің жалақысы 25 пайызға өсетінін айтты

Оставить комментарий

Связанные Статьи