Жанармай неге қымбаттады?

/uploads/thumbnail/20170708193520600_small.jpg

Үкімет  Жанар-жағармай бағасын мемлекет тарпынан реттеуден бас тартты . Бұл туралы «Қамшы» порталы Kursiv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астандадағы өткен баспасөз конференциясында осындай мәлімдеме жасаған. Өз сөзінде ол «Ішкі нарықтағы АИ-92, АИ-93 маркалы жанармайдың тапшылығын ретке келтіру үшін мемлеткет бағаны қадағаламайтын болады»,-деп түсініктеме беріп өткен. Оның айтуынша валюта бағамының тұрақсыздығы жанармайдың қымбаттауына айтарлықтай әсер еткен.

«Теңгенің еркін валюталық айналымға көшуіне байланысты теңге мен рубльдің бағамы арасында да  айырмашылықтар пайда болды. Егер біз Ресейден жанармай сатып алар болсақ, ол бізге 120 теңгеден,  біздің бөлшек сауда бағасы бойынша  108 теңгеден айналады. Әрине бағадан ешкімнің ұтылғысы келмейді.Бұлай жалғаса берсе, қыркүйек айында біз жанармай тапшылығына тап боламыз. Сондықтан, біз әр түрлі нұсқарларға сараптау жүргізіп көрдік. Біздің 200 мың тонна қорымыз бар болған күннің өзінде, оны Ресейден келетін жанармаймен толықтырып отырмаса, нағыз тапшылық басталады. Қазіргі қабылдаған шешім елімізді жанармай тапшылығы тығырығына тірелуден сақтап қалады. Сондықтан біздің валютамыз әлемдік нарықта өз бағамын қалыпқа келтіргенше, мұнай өнімдерінің де бағасы ауытқымалы болады»,-  деді вице-премьер.

Айнұр Төлеу

«Қамшы» сілтейді

Связанные Статьи