Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың 21 қаңтарында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін бекітті. Бұл туралы министрліктің құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін:
- кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде немесе акт болған кезде көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасу кезінде;
- жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда жеке тұрғын үй салу үшін толық есеп айырысу кезінде;
- ипотека алу, тұрғын үйді сатып алу, берешекті өтеу, банктер арқылы ипотеканы қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна ретінде;
- тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі бойынша жер учаскесін сатып ала отырып, тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға арналған ипотека бойынша берешекті алу, қайта қаржыландыруды өтеу кезінде;
- Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде үй сатып алу және осындай қаржыландыру бойынша берешекті өтеу кезінде;
- тұрғын үй құрылысы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен берілген баспананы ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті өтеу үшін пайдалануына рұқсат етіледі.
Сондай-ақ тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына бір банктен ипотекалық қарыз алған кезде пайдалануға жол беріледі.
Оставить комментарий